Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 14:45-те Ақшат кентіндегі Ақтөбе-Родниковка тасжолында жолдың тайғақ бөлігінде "Ваз" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, шұңқырға аударылып кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.
Полиция департаменті жүргізушілерді ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!