Ақтөбе облысында адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор тасжолының 20-шақырымында ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан екі көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш жолаушы жедел түрде ауруханаға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!