Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қазанда Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысып, салдарынан HYUNDAI автокөлігі инерциямен MAN жүк көлігіне соққан. Салдарынан Маңғыстау облысының тұрғындары - Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында жол апатынан қаза тапқандар бар екені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!