Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты

Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Қандыағаш қаласына жақын маңда, республикалық маңызы бар Ақтөбе - Астрахань тасжолының 94-шақырымында болған.

Полиция департаменті мәліметінше, тасжолда екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан. Соққы қатты болғаны соншалық - көлік салонындағылардың ешқайсы аман қалмаған. Жол апаты салдарынан Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары көз жұмған.

Жол апатына қатысты соталды тергеу басталды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сот сараптамалары тағайындалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!