Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе-Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!