Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

Фото: видео кадры

Ақтөбе облысындағы тас жолда жүк көлігі мен екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат сәті видеоға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты 16 тамызда Алға ауданы Бестамақ ауылы маңында Ақтөбе - Астрахань автожолында болған. Shacman жүк көлігі алдындағы көліктерді басып озу кезінде қарсы бағыттағы Nissan және Mercedes көліктеріне соқтығысқан.

"Апат салдарынан жүк көлігі және Nissan жүргізушілері түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ІІМ ресурсы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан