- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жантүршігерлік...
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: жаңа дерек пайда болды
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа дерек пайда болды, - деп хабарлайды Diapazon.kz.
4 наурызда Шалқар-Бозой тасжолында кәмелетке толмаған жасөспірім Toyota Land Cruiser көлігін жүргізіп келе жатып, рөлді басқара алмаған, нәтижесінде көлік аударылып кеткен.
9-сынып оқушыларының бірі сол жерде көз жұмған, тағы төртеуі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
15 жастағы бір бала тексерілгеннен кейін амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді, оның денесі көгерген, аяқ-қолы сыдырылған. Екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. 15 жастағы баланың жамбас сүйегінің төменгі бөлігі сынған, тағы бір 15 жастағы баланың жіліншігі сынған.
Балалар Шалқарда №8 мектебінің 9-сыныбында оқиды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізген кәмелетке толмаған бала көлікті әкесінің рұқсатынсыз алып кеткенін хабарлады. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жасөспірім көліктің қандай жылдамдықпен жүргізгені, балалар қайда барғаны, көлік тізгіндеген бала көлікті алып жатқанда әкесі үйде болды ма, егер ол болса, оны қалай байқамағаны тергеу барысында анықталуы керек.
"Сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Әкесінің айтуынша, олар үйде болмаған. Бірақ біз мұны тағы да тексереміз. Көліктің жылдамдығын сараптама анықтайды. Көлік жолдан ұшып кеткен. Онда жол түзу. Іс бойынша күдікті жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Көлік тізгіндеген 9-сынып оқушысы аяғы сынып, облыстық балалар ауруханасында жатыр", - деп жауап берді журналистер сауалына Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ардана Саймағамбетов.
15 жастағы баланың жамбас сүйегінің төменгі бөлігі сынған, тағы бір 15 жастағы баланың жіліншігі сынған.
"Шалқар аудандық ауруханасына 4 зардап шегуші жеткізілді. Бір қыз және үш ұл. Қыз комаға түскен, оған ашық бассүйек-ми жарақаты, бас миының ісінуі диагнозы қойылды, жағдайы өте ауыр. Қыздың өмірлік маңызды мүшелері зақымданған. Ақтөбелік нейрохирург пен реаниматолог кеңесі өтті. Барлық шара қолданылды, бірақ қыз аман қалмады. Санитариялық авиациямен екі ұл облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Түлкібаева.
Білім бөлімі өкілдері оқиғадан кейін Шалқардың барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өткізіліп, ата-аналар мен балалардың құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікті ескертетінін хабарлады.
Еске салайық, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір қыз оқиға орнында, ал тағы бір қыз ауруханада көз жұмғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек