- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жантүршігерлік...
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: бір үйдің төрт адамы қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
21 ақпанда Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Polisia.kz
Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды, жолаушы 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылы туған үш баласы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина