Ақтөбе облысында жаңа жыл қарсаңында 169 құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Облыстағы жедел жағдай тұрақты. Тәулігіне барлығы 268 хабарлама түсті, 9 қылмыс және 14 жол апаты тіркелді, ешкім зардап шеккен жоқ. Облыс бойынша 170-ге жуық қоғамдық тәртіп бұзу мен жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мас күйдегі 4 жүргізуші анықталды. Мереке күні облыс бойынша 5000-ға жуық полиция қызметкері мен 60 әскери қызметші қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз