Ақтөбе облысында итті қорлаған жасөспірім жазадан құтылып кетті

Ақтөбе облысында итті қорлаған жасөспірім жазадан құтылып кетті
Фото: Видео кадры

Ақтөбе облысында итті аяусыз жәбірлеген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Итті байлап, пышақпен жарақаттаған тоғызыншы сынып оқушысы қылмыстық жазадан құтылып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жануарларға қатыгездік жасау бойынша іс баланың кәмелетке толмағаны үшін тоқтатылды. Жасөспірімді тек орта мектептен шығарып, басқа қалаға жіберуге болады.

"Күдіктінің жасы 14-ке толмағанына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл оқиғаны Темір ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия тексеріп, сотқа жолдады. Тараздағы арнайы мектепке жіберу үшін материал сотқа жолданды, - деді Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан