Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
20 наурызда Самара – Шымкент автожолында Газель автокөлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ГАЗель автокөлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!