Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жерасты газ цистернасы жарылып, жанармай құю бекеті мен жақын жердегі ғимарат өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.
11 сәуір сағат 20:20 шамасында газ құю станциясынан 50 метр жерде жер асты газ цистернасы жарылған.
"Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Ойыл аудандық полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндіріліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қосымша төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеру жүргізеді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз