Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 7 ақпан күні сағат 12:45-те Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылы Гагарин көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған.
Оқиға орнына 2 құтқарушымен 1 бірлік техника барған. Құтқарушылар үйде 5 литрлік газ баллоны жарылып, үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққанын анықтаған. Көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күшімен сөндіріп үлгерген.
Жарылыс салдарынан 1952 жылы туған ер адам мен 1928 жылы туған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген.
Жарылысқа толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге (жылы еденге) кіргізу кезінде газ ауа қоспасының көбеюі себеп болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!