Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері гастролер-ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы хостелдердің бірінен Toyota Camry автокөлігін ұрлау фактісі бойынша жедел іс-шаралар өткізу кезінде көрші облыстың 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Күдікті пәтер ұрлығы кезінде көліктің кілтін тауып, ұрланған заттарды тиеп алып көлік құралын айдап кеткен.
Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адамның бірнеше облыста автокөлік айдап әкету және пәтер ұрлығын жасағаны анықталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!