Ақтөбе облысында ер адамды ток соғып, мерт болды

Ақтөбе облысындағы К.Нокин атындағы ауылда ер адам токқа түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 31 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында болғаны хабарланды.

Ауыл тұрғыны подстанцияда неліктен электр жарығы болмағанын тексеруге барып, ток соғып, көз жұмды. Қысқа тұйықталудан кейін қосалқы станция отқа оранды. Марқұм 38 жаста болған.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, қосалқы стансадан мәйіт табылғанына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің алдын ала себебі - электр тогының соғуы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!