- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ер...
Ақтөбе облысында ер адам шетелдік жұмысшыларды елге заңсыз кіргізбек болған
Ақтөбе облысында шетелдік жұмысшыларды елге заңсыз кіргізбек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспаөз қызметіне сілтеме жасап.
"9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен қазақстандықты ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған ер адам тиісті рұқсатсыз республикаға шетелдік жұмыскерлерді тартқан", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері.
Пара ретінде 400 мың теңге көлемінде қаражат тәркіленген.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді.
Тағы да оқи отырыңыз: Иммобилизация деген не? Ферментті иммобилизациялау әдістері қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек