Ақтөбе облысында экс-әкім өлі табылды

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық әкімдік растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мамырда Қуанышбек Серікжанов жұмыстан шығу туралы өтініш жазған, 5 мамырда оны қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойылған. 6 мамырда таңертең Қуанышбек Серікжанов Кеңқияқ ауылындағы үйінен өлі табылған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның өліміне байланысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды", - деді ведомство өкілдері.

Қуанышбек Серікжанов мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері еңбек еткен, ал ауылдық округ әкімі лауазымын 2023 жылдан бастап атқарып келген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!