- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында екі...
Ақтөбе облысында екі айда 16 бала жол апатынан зардап шеккен
Ақтөбе облысында жасөспірімдер жол апатына ұшыраған жағдайлар жиілеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, кейінгі кезде өңірде жол апаты көбейген. Мәселен, кейінгі екі айда 58 жол-көлік оқиғасы болса, соның он төртінде жасөспірімдер жол апатына ұшыраған. Жол апатынан 6 бала көз жұмып, 16 бала зардап шеккен.
"Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі - жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жылдамдықты асыру. Осы ретте ата-аналарға мұқият болуды ескертеміз. Үлкендер өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек. Балаға көлік жүргізуге рұқсат бермеу керек", - деді Ардана Саймағамбет.
Басқарма бастығы осыдан біраз уақыт бұрын демалыс орталығында қарда жүретін көлікпен оқушы адамдарды қағып кетсе, 4 наурызда Шалқар ауданында жасөспірімдер мінген көліктің аударылып қалғанын, осының барлығы сабақ болу керек екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында 9-сынып оқушылары мінген көлік жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.
К. Сексенбай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы