- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында екі...
Ақтөбе облысында екі адам 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған
Фото:
polisia.kz
Ақтөбе облысында екі күдікті 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Ырғыз өзенінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында шаяндарды заңсыз аулаған екі азаматты ұстады. Күдіктілерден мыңнан астам шаян, резеңке қайық, төрт шаян аулауға арналған құрал тәркіленді.
Балық, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Келтірілген залал анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина