- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында дельтаплан...
Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады. Дельтапланның ұшқышы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшуды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС-ға тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонды. Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды.
Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды.
"Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес, бұл оқиға да авиациялық оқиға ретінде қаралады",- делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы