- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында дәрігер...
Ақтөбе облысында дәрігер алаяққа алданып қалған
Фото:
depositphotos.com
Ақтөбе облысында аудандық аурухананың дәрігері алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға Ақтөбе облысының аудандық ауруханаларының бірінің тіс дәрігері арызданды. Дәрігердің айтуынша, таныс әйел мемлекеттік қордан өтеусіз несие алуға және көпбалалы отбасы ретінде пәтер алуға көмектесетінін айтып, оның 2 миллион теңге сомасындағы ақшасын иеленген.
Жәбірленуші ақшаны терминал арқылы аударған.
"Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 46 жастағы әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова