- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында бірнеше...
Ақтөбе облысында бірнеше лауазымды шенеунік тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Ақтөбе қаласында, Хромтау және Мұғалжар аудандарында Мемлекеттік кірістер басқармасының кінәлі лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының прокуратурасы 200-ден аса кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылардың күшін жойды.
Хромтау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы кәсіпкерлердің қатысуынсыз ӘҚБтК-нің 272-бабы бойынша (мемлекеттік кірістер органына салық есептілігін ұсынбау) 45 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Дегенмен ӘҚБтК-ке сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адаммен бірге қаралады.
Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 178 кәсіпкерді кодекстің 92-1-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Прокуратура қабылдаған шаралар арқылы 223 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулылардың күші жойылып, кәсіпкерлердің құқығы қорғалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова