Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Басылым мәліметінше, 30 тамызда Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.
18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
Сонымен қатар, кешкі сағат 19:30-да сол маңда 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кеткен.
"Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суға түсу ережесін сақтауды ескертеді.