- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында бір...
Ақтөбе облысында бір топ бала кәмелетке толмағандарды себепсіз соққыға жыққан
Ақтөбе облысында бір топ бала кәмелетке толмағандарды себепсіз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28 сәуірде әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бір топ жастар өз құрдастарын ұрып-соғып жатқан бейне анықталды.
Полиция қызметкерлері осы ақпаратты тексеру барысында Алғада Niva көлігімен жүріп келе жатқан бірнеше кәмелетке толмағандар өз құрдастарын көшеде кездестіріп, оларды себепсіз ұрып-соққаны анықтады.
Төбелес ұйымдастырғандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, онда олармен және ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталғандардың бірінің ата-анасына тиесілі көлік арнайы тұраққа қойылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек