Ақтөбе облысында бір отбасы мінген көлік аударылып, 5 айлық сәби қаза болды

Ақтөбе облысында бір отбасы мінген көлік жол апатына ұшырап, бес айлық сәби қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қыркүйек сағат 07:00-де Мұғалжар ауданы Сағашили аулының маңындағы Ақтөбе-Астрахань автожолының 127 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

"28 жастағы Kia-Ceed автокөлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, көлік құралын аударып алған. Автокөліктің салонында жүргізушінің отбасы болған. ЖКО салдарынан бес айлық қыз бала оқиға орнында қаза болды, жұбайы мен 2 жасар ұлы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінеген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз