• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтөбе облысында бөгет жарылып, үш ауылды су басты: ЖШС директорына үкім шықты

Ақтөбе облысында бөгет жарылып, үш ауылды су басты: ЖШС директорына үкім шықты
Фото: Ақтөбе облысының прокуратурасы

Ақтөбе облысында "Мағаджан" бөгеті жарылғаны үшін кінәлі тұлға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Хромтау ауданының прокуратурасы "Мағаджан" плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады. 

Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания - ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған. 

2024 жылғы 4 сәуірде бөгет жарылып, Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымына зиян келген.

"Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды", - деп хабарлады ведомство.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget