- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында білім...
Ақтөбе облысында білім бөлімінің басшысы бір аптада екі рет сотталды
Ақтөбе облысында білім бөлімінің басшысы бір аптада екі рет сотталды. Бірінші қылмыстық іс бойынша оған пара алды деген айып тағылды, ал екінші жағдайда ол өзі пара беруші болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Сот 1 желтоқсанда Ырғыз ауданының білім бөлімінің басшысы Айбек Алдановты 3 жылға темір торға жіберді. Айыптау мәліметтеріне сәйкес, ақтөбелік тұрғыннан туысы әйелін ауыл мектебіне мұғалім ретінде жұмысқа орналастыруға көмек сұраған. Ол бұл мәселемен өзінің туысы Айбек Алдановқа жүгінеді. Алданов мектеп директорына әйелді жұмысқа қабылдауды тапсырып, осы үшін 400 мың теңге талап етіпті. Пара беру кезінде делдалдың рөлін шенеунікке жүгінген туысы атқарады. Оның өзі де сот үкімімен жазасын алды, яғни делдал болғаны үшін ол бір жылға бас бостандығын айырылды.
Бірақ оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Басылым мәліметінше, 5 күннен кейін сотта сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша тағы бір үкім жарияланды, ал екі айыпталушының бірі тағы да Айбек Алданов болды. Бұл жолы оған пара берді деген айып тағылып отыр. Тексерушілер аудандық білім бөлімінің ғимаратында мүгедектерге арналған пандустар мен көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактиль таяқшалар жоқ екенін анықтады.
Айбек Алданов осы заңбұзушылықтарға көз жұмуы үшін әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бастығы Асқар Мұхитовқа 25 мың теңге пара беріпті. Алайда пара бергені үшін Алдановқа екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ бірінші үкім ескеріліп, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал пара алғаны үшін Асқар Мұхитов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова