- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында баласын...
Ақтөбе облысында баласын қоқыс жәшігіне лақтырған әйел сотталмайтын болды
Ақтөбе облысында баланың денесін қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген әйел сотталмайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысының полицейлері баласының денесін қоқыс төгетін жерге тастаған әйелді тапқанын хабарлады.
"Аталған іс бойынша сараптама тағайындалып, баланың өлі туылғаны анықталды, осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған нәрестені ананың өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Еске салайық, 2022 жылғы қазанда Ақтөбе облысында қоқыс тастайтын жерден сәбидің денесі табылған болатын. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан