Ақтөбе облысында автобус аударылып, 32 жолаушы зардап шекті, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, жол апаты салдарынан аяқ-қолы сынған көптеген жолаушы Хромтау қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы ауыр.
Оқиға Ақжар ауылы маңындағы Самара-Шымкент тасжолының бойында болған. Аударылған автобуста 52 адам болған. Барлығы вахталық әдіспен жұмыс істейтін күзет фирмасының жұмысшылары. Олар кезекті аусымдағы әріптестерінің орнына жұмысқа бара жатқан.
Дәрігерлер жол апатынан жарақат алған 9 жолаушы ауруханада жатқанын, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!