Ақтөбе облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Ақтөбе облысында көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2024 жылғы 13 желтоқсанда сағат 21:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты Самара - Шымкент республикалық автожолының 526-710 шақырым аралығындағы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қатысты.

Жолды 2024 жылғы 14 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!