Ақтөбе облысында алты жеңіл көлік тиеген автовоз өртенді: екі адам зардап шекті
Бүгін Қобда ауданында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар жолда алты жеңіл автокөлігі бар автовоз өртенді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Автовоздың мотор бөлігінен басталып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт толығымен сөндірілді. Үш жеңіл автокөлік өрттен құтқарылды.
Өздігінен сөндіру әрекеті кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматын күйік шалып, олар ТЖ күшімен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан