Ақтөбе облысының екі тұрғыны ақшасын екі есе көбейту туралы ақпаратқа сеніп, ақшасынан айырылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап
Ақтөбе тұрғыны Whatsapp мессенджерінде чат құрып, бірнеше адамды қомақты қаржы ұйымына ақша салу арқылы қаражатты көбейтуге шақырған. Ол белгілі бір соманы салса, бірнеше айдан кейін бұл ақша екі есе өсетінін айтқан. Салымшылар ақшанының қандай жолмен екі есеге көбейетініне де қызығушылық танытпаған.
Күдіктінің айла-амалдарына екі әйел алданып қалған. Жәбірленушілердің бірі 400 мың теңге, екіншісі 800 мың теңге салған.
Полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!