Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін бірқатар БАҚ әкім Еркін Далмагамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешке өз үйінің ауласынан табылғанын хабарлаған еді.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті әкімнің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға бойынша тергеу басталған.
"Полиция суицид дерегі бойынша соталды тергеу жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.
Айта кетейік, Темір қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі ретінде Еркін Далмагамбетов көрсетілген. Ресми деректерге сәйкес, ол 2024 жылғы маусымда Темір қаласының әкімі болып тағайындалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз