Ақтөбе облысында адамдар қар құрсауында қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында үшінші күн қатарынан қатты боран басылмай тұр. Қазіргі уақытта көліктің барлық түрлері үшін халықаралық маңызы бар "Самара-Шымкент" тасжолының Ақтөбе қаласынан Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігі жабылды.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 50-ден астам полиция қызметкері, 17 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Олар тәулік бойы блок бекеттерде болады. Сондай-ақ, жолдардың жабық учаскелерінде қалып қойған жолаушыларға көмектеседі.
Полиция жолда жүрген басқа да мекемелердің өкілдерімен бірлесіп, 30-ға жуық жеңіл және 20-дан астам жүк көлігін қар құрсауынан шығарып алды. Жол сақшылары азаматтарды алыс сапарлардан бас тартуға және метеорологиялық жағдайды ескеруге шақырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!