Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сынып оқушысы жүктіліктің 38-аптасында босанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, оқушы қазір медициналық мекемеде жатыр.
Бұл жайтқа өңірдің Полиция департаменті өкілі пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!