Ақтөбе облысында 800-ден аса адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысында 800-ден аса адам эвакуацияланды
Фото: ТЖД

Ақтөбе облысында 800-ден аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың басшылығымен Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғындарын аудан орталығына алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған дейін Мамыр, Нұра, Белшер ауылдарынан 800-ден астам адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген Ақтөбе облыстық ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының аумағындағы Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Нұра ауылында қорғаныс бөгеті шайылып, нәтижесінде ауылды су басты. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына тікұшақтар тартылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz