- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 8...
Ақтөбе облысында 8 вагон рельстен шығып, аударылып қалған
Ақтөбе облысында 8 вагон рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚТЖ өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина