Ақтөбе облысында 7 адам құтқарылды

Ақтөбе облысының диспетчерлік пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып, жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұл азаматтар елді мекеннен 30 шақырым қашықтықта батпақты жерде кептеліп қалғаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар қиын жағдайдан шығарылып, үйлеріне аман-есен жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ ауа райының қолайсыздығында жолға шығу қауіпсіз емес екенін еске салады! Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!