Ақтөбе облысында 54 миллионның дәптерлерін өртеп жіберген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады. Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!