- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 52...
Ақтөбе облысында 52 күзетші отырған автобус аударылып кетті
Ақтөбе облысында 52 күзетші отырған автобус аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia NEWS-ке сілтеме жасап.
Оқиға 13 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Ақжар ауылының маңында болған.
Автобуста 52 жолаушы отырған, оның бәрі жергілікті күзет агенттігінің қызметкерлері.
Салдарынан 9 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, Хромтаудағы орталық ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина