- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 36...
Ақтөбе облысында 36 жастағы әкімді өлтірген ер адам сотталды
Ақтөбе облысында ауыл әкімін өлтірген адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға былтыр 11 желтоқсанда болған. Ақтөбе облысы Алға ауданының Сарықобда ауылдық округінің әкімі фермердің қолынан мерт болған еді. Фермер мас күйде ауыл әкімінің ішіне пышақ сұғып алған болатын. Әкім қансырап, қайтыс болды.
Фермер жәбірленушінің абайсызда өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталды. Әкім 36 жаста еді.
17 шілдеде Алға аудандық соты бұл іс бойынша шешім шығарды. Прокурор айыпталушыны 9 жылға соттауды сұрады. Сот күдікті жасаған ісіне өкінетінін, кәмелетке толмаған балалары барын және жәбірленуші тарапқа 25 миллион теңге шығын өтегенін ескерген.
Осылайша, Алға аудандық соты ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енбеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина