Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам оқушыны зорлады деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!