Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртенді

Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында "Самара-Шымкент" тас жолының 815 шақырымында Мәскеу-Худжанд бағыты бойынша 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget