Ақтөбе облысында жоғалған баланы іздеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Мәртөк ауданында ТЖМ сүңгуірлері 2016 жылы туған баланың денесін тапты. Мәйіт Елек өзенінде жағадан шамамен 3 метр қашықта, 1,5 метр тереңдікте табылған.
Айта кетейік, 29 наурыздан бастап өңірде 4-сынып оқушысын тәулік бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Бала үйінен шығып, қайта оралмаған.
Сарыжар ауылы маңындағы іздестіру жұмыстарына ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметшілер, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысқан.
Күн сайын сүңгуірлер 30-35 шақырым су айдынын зерттеп, жүзу құралдары арқылы 25-30 шақырым су беті тексерілген. Жаяу топтар 15-20 шақырым жағалау сызығын қарап шықса, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10-15 шақырым аумақ бақылауға алынған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова