Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітке найзағай түсіп, қаза тапты

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітке найзағай түсіп, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 19 жастағы жігіттің сүйегі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша өлімнің себебі атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғуы салдарынан) болған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз