Ақтөбеде шахтерлер мен коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне жалақы төленбеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасымен "Оңтүстік шахта құрылыс" ЖШС-ның 156 жұмысшыға 165 млн теңгеден астам жалақы төлемеу дерегі анықталды.
Прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл жиынға "ҚазХром" ТҰК" АҚ басшылығы мен ЖШС-ның құрылтайшысы да шақырылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде қарыз жалақы толығымен өтелді.
Басқа жағдайда, Шалқар аудандық прокуратурасымен "Ұлы Борсық" КМК-нің 519 қызметкерге 48 млн теңгеден астам жалақы қарызы анықталып, прокурорлық ықпал ету актісімен өтелді.
Осылайша, аталған кәсіпорындардағы 213 млн теңге болатын жалақы қарыздары өтеліп, жұмысшылардың құқықтары қалпына келтірілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз