Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты үкім шықты

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты үкім шықты
Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Сотталушылар қанды оқиға болған кезде мектептің жоғары сыныбында оқыған. Айыпталған алтаудың үшеуі жазасын түрмеде өтейді.

Оқиға осыдан тура бір жыл бір ай бұрын Темір ауданына қарасты Қопа ауылында болған. Жаңа оқу жылы басталған күннің ертесіне Нұржан Сыдықовты жоғары сыныптың оқушылары ұрып, аяусыз тепкілеген. Тіпті есін жимаған жасөспірімді далаға тастап кеткен.

Алты оқушы абайсызда адам өлтіргені үшін, бұзақылық және қылмысты ұйымдастыру баптары бойынша айыпталды.

Үш оқушы сот залында бір жылдық шартты жазамен босатылды. Судья қалған үшеуіне 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget