Ақтөбе облысында он жастағы қыз өз үйіндегі көлік ішінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"27 тамызда Хромтау ауданының Дөн ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді. Бұл көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларымен дәлелденді. Автокөліктің ішінде 10 жасар қыз болған, ол қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство.
Қайғылы оқиға болған кезде баланың ата-анасы үйде болған.
Өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!