Ақтөбе облысы ауылдары маңында мұнай төгілді, - деп хабарлайды Diapazon.kz.
Басылым мәліметінше, тұрғындар оқиға Кеңқияқ және Шұбаршы ауылдары маңында болғанын айтқан.
Кен орнындағы апат атмосферадағы күкіртсутек мөлшері асып кетуіне себеп болған.
"30 қазанда "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан №797 ұңғымадағы "Кеңқияқмұнай" МГӨБ кен орнында мұнай төгіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына департамент инспекторы барды. Осылайша, 29 қазанда сағат 22.30 шамасында ұңғымада құралдардың бірі жарылып, мұнай өнімдері сумен бірге төгілгені анықталды. 3168 метр болатын аумақ ластанды. Апат салдарын жою жұмыстарымен "Ақберен" ЖШС айналысады. Инспектор аумақты өлшеп, топырақ сынамасын алып, кәсіпорын өкілдерімен арада акт жасады. Осы дерек бойынша жоспардан тыс тексеріс тағайындау бойынша шаралар қабылдап жатырмыз", - деді Экология департаменті өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!