Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: тергеу тобы құрылды

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: тергеу тобы құрылды
Фото: Видео кадры

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров әкімдік ғимараты өртенуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, өрттің шығу себептерін анықтау үшін тергеу тобы құрылған.

"Шатырдағы өрт туралы хабарлама сағат 20:21-де түсті. Бір сағаттан аса уақытта өрт оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызмет жұмыс істеп жатыр, қосымша әскери қызметшілер де тартылды", - деді өңір басшысы.

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт

2026 жылы 7 сәуірде кешке Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан облыстық әкімдік ғимаратында өрт шықты. ТЖМ мәліметі бойынша 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенген.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде әртүрлі орында үш жану ошағы байқалған.

Өртті сөндіруге 140-тан аса қызметкер және 40 техника жұмылдырылған. ТЖМ күштерімен өрт 300 шаршы метр аумақта толық сөндірілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget